Ақ жүрек, адал ниет иесі еді
МЕРКІ АУДАНЫ, МЕРКІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ БОЛҒАН АЯУЛЫ ӘПКЕМІЗ ӘСІЛГҮЛ БАУБЕКОВА КӨЗІ ТІРІ БОЛҒАН КЕЗДЕ 65 ЖАСҚА ТОЛАТЫН ЕДІ. БАРШАМЫЗ АЯУЛЫ ӘПКЕМІЗДІ ОРТАҒА АЛЫП, МӘРЕ- СӘРЕ БОЛЫП ҚУАНЫП ОТЫРАР ЕДІК. АМАЛ ҚАНША, АЯУЛЫ ЖАНДЫ АЖАЛ АРАМЫЗДАН ЕРТЕЛЕУ АЛЫП КЕТТІ. ӘПКЕМІЗДІҢ БАҚИЛЫҚ БОЛЫП КЕТКЕНІНЕ 15 ЖЫЛ ӨТТІ. БІЗ ОЛ КІСІНІ САҒЫНА ЕСКЕ АЛАМЫЗ. АЛЛАДАН ӘПКЕМІЗГЕ САНСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚТАР МЕН РАХЫМ ТІЛЕЙМІЗ!
Шіркін, зымыраған уақыт! Кеше ғана қамқоршымыз болып жанымызда жүрген аяулы жанның мейірім төккен сәттері келмеске кеткені ме? Сол көңілінен шуақ төгілген Әсілгүл Жексенқызы енді арамызда жоқ дегенге көңіліміз сенбейді.
Жүрегі әппақ, көңілінде ұяң үн,
Сізді қалай жамандыққа қиямын?
Айналайын аңқылдаған жан әпкем,
Ешкімге де жоқ болатын зияның.
Өзіңізден жылылықты іздедік,
Алдыңызда еркеледік жүз келіп.
Жақсы адамның барлығы да өмірде,
Елестейтін, асыл әпке, сіз болып.
Пенде ешқашан қаша алмайды сынақтан,
Асыл әпке үніңіз кетпес құлақтан.
Сізге қарай асығушы едік бәріміз,
Су ішуге асыққандай бұлақтан.
Жатқан жеріңіз жайлы болсын, жан әпке,
Мекеніңіз болғай мәңгі жұмақтан!
Еске алушылар:
бауырлары,
Хамзат-Айжан.