Аймақ

Мемлекеттік қызметті алу жолдары түсіндірілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» тақырыбында брифинг өтті. Ауыл шаруашылығын қолға алып жүрген азаматтар үшін жер телімін сату аясында мемлекеттік қызмет алу үшін қалай өтініш беру туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыс бойынша филиалының жерге орналастыру, геодезиялық жұмыстар және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру басқармасының басшысы Кенже Хамитов айтып берді.