Аймақ

Жастар – адалдық жаршысы

9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні. Атаулы күнге орай, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының қабырғасында «Адал жастар – парасатты қоғам кепілі» атты форум өтті.

Форумға азаматтық қоғам белсенділері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құра лдарының өкілдері, білім саласының мамандары мен студенттер қатысты. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арна лған тұжырымдамасында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысқа барлық мүдделі топтар: жастар, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, еріктілер және басқа да азаматтарды кеңінен тарту керектігі» айтылған. Бұл бағытта облыс әкімдігі тарапынан тиісті іс-шаралар ұйымдастырылуда. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жиында алғашқы болып сөз алып, аталған іс-шаралар туралы кеңінен сөз қозғады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында: «Біз азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыратын, барша әлемнің кәсіпкерлері, инвесторлары мен талантты адамдары қызығатын ашық әрі дамыған экономика құрамыз. Бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырамыз. Бізге және ұрпағымызға ешкім сырттан келіп жарқын болашақты жасап бермейді. Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу. Еліміз осы құндылықтарды берік ұстана отырып, даму көкжиегін сөзсіз кеңейте түспек. Ал әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді» деп, адалдық қағидатының маңыздылығына ерекше тоқталып өткен болатын. Осы бағытта қоғамда адалдық қасиеттерін насихаттау, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында аталмыш форумның өтуіне мұрындық болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департ аменті жүйелі жұмыстар атқаруда. Өз кезегінде департ амент басшысы Дәурен Омаров жиын барысында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жастардың бойында адалдық қасиетін қалыптастыру, сапалы білім алуға шақыру және парасатты тұлға болудың маңыздылығын ұғындыру бағытындағы маңызды жұмыстар жоғары оқу орындарына жүктелген. Оқу орындарындағы «Саналы ұрпақ» клубтары бұл бағытта біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуде. Бұл тұрғыда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының да атқарып жатқан істері аз емес. Осы ретте сөз тізгінін алған институт ректоры Махметғали Сарыбеков дәл осы күннен бастап Тараз инновациялық институты бір жарым жылға жуық жүргізілген жұмыстар нәтижесінде университет статусын иеленгені жөнінде сүйінші хабарды көпшілік алдында жария етті.

Облыстық департамент жергілікті жоғары оқу орындарымен және колледждермен бірлесіп, Мұхаммед Хайдар Дулати, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Асанбай Асқаров және Жақсылық Үшкемпіров сияқты тарихи тұлғалардың мұрасына арналған бейнедәрістер әзірлеп, оны облыстағы барлық білім беру мекемелеріне таратып, тиісті ағарту жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы үрдісті жалғастыра отырып, биыл Ш.Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институты Тұрар Рысқұловтың мұрасына арналған кезекті бейнедәрісті әзірлеп, іс-шарада туындының тұсауы кесілді.

Одан әрі әділетті Қазақстанды құру жолында өзіндік орны бар «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев сөз алып, аталған ұйымның адалдық жолында атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Бұдан кейін, көпшілік назарына Тараз қаласындағы №39 мектеп- гимназияның «Адал ұрпақ» клубының «Заң бәріне ортақ» сахналық қойылымы ұсынылды. Шара соңында өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және парасаттылық қағидаларын нығайтуға үлес қосқан қоғам белсенділері облыс әкімінің алғыс хатымен, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хатымен бірқатар БАҚ өкілдері марапатталды.

 

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ