Мәдениет

Өнерліге өріс кең

Тараз қалалық әкімдігінің қолдауымен Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде «Жас талант» патриоттық ән байқауы өтті.

Байқаудың алғашқы кезеңіне 19 бала қатысып, ақтық кезеңге 9 бала таңдалып алынған. Байқауда 11-14 жас аралығындағы талантты жас әншілер патриоттық ән және өзінің қалауындағы әнді орындап, екі кезең бойынша сайысқа түсті.

Байқау қорытындысы бойынша «Мәңгілік ел – Қазақстан» әнін тамаша шырқаған Умая Мақсатқызы бас жүлдені олжаласа, «Туған ел» әнін жоғары деңгейде орындаған Інжу Жандарбек жүлделі бірінші орынға ие болды. «Туған жер» әнін жүректерге жеткізген Айша Бақытжанқызы екінші жүлдеге қол жеткізсе, «Мен қазақтың баласы» әнін орындаған Әлихан Уәлиханұлына үшінші орын берілді. Қазылар алқасы талапкерлердің орындаушылық шеберлігін, сахна мәдениеті, киім үлгілерін ерекше бағалады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің атынан бағалы сыйлықтарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

 

Есет ДОСАЛЫ