Хабарландыру

Хабарландыру

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының (1 бірлік) бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.Орналасқан жері: 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 115 үй. Тел.: 8 (7262) 45-29-68.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: әдебиет және өнер туындыларының сахналық көрсетілімдерін жүзеге асырады. Сахналық өнер көрсету арқылы халықтың рухани, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырады және қалыптастырады. Фестивальдер, байқаулар, семинарлар және мәдени шығармашылық іс-шараларға қатысады және ұйымдастырады. Спектакльдер мен басқа да театрландырылған қойылымдарды жасайды және көрсетеді. ҚР заңнама талаптарына сәйкес ақылы қызметтер көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/ немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Жұмыс өтілі: мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе «Шетелде кадрлар даярлау бойынша республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/ немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын, ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін білуі тиіс.

Кәсіпорын директорының лауазымдық жалақысы жеке еңбек шартында белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу кағидаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облыстық «Aq jol», «Знамя труда» газеттерінде, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының интернет ресурсында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би даңғылы № 35, 5-қабат, № 506 каб., тел.: 43-88-64.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби- консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін күн: Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы №35 (5-қабат, 501-каб.)

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.