Құқықтық сауаттылық – қоғам айнасы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жобасы аясында облыстық «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір- қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» атты жобаны жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты – түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық- түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру.
2024 жылғы 19 наурыз күні заң ғылымдарының магистрі С.Берікқожамен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Шайқорық ауылының тұрғындарына этностар тығыз қоныстанған жерлерде кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу және «өшпенділік тілін» профилактикалау мақсатында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылы 10 мамырда Жамбыл облысы адвокаттар алқасының мүшесі А. Арзымбетоваың қатысуымен Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масаншы ауылдық округі мен Қарасу ауылының тұрғындарына Этностар тығыз қоныстанған жерлерде кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу және «өшпенділік тілін» профилактикалау мақсатында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылы 21 тамызында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі мен Түлкібас ауданы Азатлық ауылында этностар тығыз қоныстанған жерлерде кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу және «өшпенділік тілін» профилактикалау мақсатында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық- түсіндіру және консультация беру жұмыстары туралы Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Ардан Бекболатов кеңес берді.
Шымкент қаласында 2024 жылы 4 қазанда Тұран, Қаратау аудандарының тұрғындарымен этностар тығыз қоныстанған жерлерде кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу және «өшпенділік тілін» профилактикалау мақсатында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық- түсіндіру және консультация беру жұмыстары туралы Жамбыл облыстық «Азаматтық Альянс» КЕҰ төрағасы Исламбек Дастан кеңес берді.
Алматы қаласында 2024 жылғы 11-12 қараша аралығында Әуезов, Алатау аудандарында тұрғындармен этностар тығыз қоныстанған жерлерде кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу және «өшпенділік тілін» профилактикалау мақсатында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және консультация беру жұмыстары туралы заң ғылымдарының магистрі Ерасыл Мырзабек кеңес берді.
Алматы облысы 2024 жылғы 14 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданында тұрғындармен этностар тығыз қоныстанған жерлерде кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу және «өшпенділік тілін» профилактикалау мақсатында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық- түсіндіру және консультация беру жұмыстары туралы Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Ұлан Боранбайұлы кеңес берді.
Өз кезегінде, сауалнама негізінде іс-шараның қанағаттану деңгейі 95 пайызды құрайтындығы белгілі болды.
Өткізілген іс-шараны одан әрі ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік желілерге 2 қысқа бейнематериал жарияланды.
Сонымен қатар, іс-шара бойынша 1 консультациялар беру журналы және қатысушылардың тарапынан туындаған сұрақтармен аумақтағы мән-жайларды зерделей отырып 1 талдамалық анықтама жасалды.
Арайлым ӘБДУАЛИЕВА,
«Жаңа-Ру» жастар коалициясы ЗТБ-ның жоба жетекшісі.