Аймақ

Барлық көрсеткіште ілгерілеушілік бар

Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде ілгерілеушілік бар. Бұл туралы аудан әкімі Сәкен Мамытов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы тікелей эфирде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескенде айтты. 2024 жылдың 1 қарашасындағы аудан бюджетінің кірістер бөлігінің жоспары 104 пайызға, бюджеттің шығыс бөлігі 95,7 пайызға орындалған.

Сонымен қатар, 100,7 миллион теңге Жаңатас қаласында орналасқан қалалық қазандықты газдандыру жұмыстарына байланысты «Жанатас-Су-Жылу» мекемесі тарапынан тексеру, қабылдап алу жұмыстарының қазан айындағы тиісті рәсімделген құжаттары толық бітпеуі салдарынан, ал 13,3 миллион теңге аудан аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған резервіндегі қосымша құн салығынан үнемделген.

Қаңтар-қазан айларының қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы төмендегідей қалыптасып отыр.

Аудан әкімі Жаңатас қаласындағы 527 нысанның орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылғанын айтты. Досбол, Шағалалы, Тоғызкент, Майлыкөл және Әбілдә ауылдарындағы 376 жеке тұрғын үй табиғи газды пайдаланып отыр екен. Қалған 4755 жеке тұрғын үй мен 124 әлеуметтік нысан көмірмен және сұйық отынмен жылытылады. Әлеуметтік нысандарға 8457 тонна көмір мен 413 тонна сұйық отын толығымен жеткізіліп беріліпті.

Аудан дамуындағы өзге де көрсеткіштерді айтқан Сәкен Мамытов журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Үміт БИТЕНОВА