Хабарландыру

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырмасыншы сессиясы 2024 жылдың 12 желтоқсан күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 11:30 келесі күн тәртібімен өтеді:

1. Жамбыл облыстық мәслихат төрағасының мәслихаттың атқарған жұмысы туралы есебі.

2. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

3. Жамбыл облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы туралы.

4. Әр түрлі мәселелер.

* * *

Депутаттарды тіркеу 2024 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 09:00 басталады.

* * *

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2024 жылдың 12 желтоқсанда сағат 09:30 өтеді.

ЕСКЕРТУ:

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті, жиырмасыншы сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.

 

Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев.