Құқық

Нақты міндет жүктелді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде апталық кеңес өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Жиынға мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев пен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Басқосу барысында Бақтияр Әлмаханұлы түзеу мекемесіндегі жедел жағдайдың тұрақты болуы, тыйым салынған заттардың кіру арналарын жабу және анықтау бойынша шаралар қабылдау, сотталғандар үшін жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, ол ҚАЖ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа фактілерінің алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізу қажеттігін баса айтты. 

Жиын қорытындысында жеке құрам қызметкерлеріне нақты тапсырма берілді.