Тарих тұнығынан бастау алған құнды құбыр
Қазіргідей өркендеген уақытта өткеннің әрбір заты бағалы. Ондай құндылықты тарихшы ғалымдарымыз бағалап, көпшілік саралап, зерттеп отырады. Сондай ерекшеліктің бірі – Байзақ аудандық өлкетану музейінде сақталған көне су құбыры.
Шамамен VII-ХII ғасырларға тән бұл жәдігер осыдан он жыл бұрын Ақыртас аймағының кіші Шошқалы шатқалынан табылған. Тауып алып, музейге өткізген Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі Ақшолақ орта мектебінің сол кездегі тарих пәнінің мұғалімі Төлжан Рахманов. Қазіргі таңда зейнетке шықса да, тарихи зерттеу жұмыстарының айналасында жүрген Төлжан Рахманов:
Ал, аталған аудандық тарихи- өлкетану музейінің қызметкері Айнагүл Мамытбекова келушілердің арасында тарихи су құбырына көңіл аударатындар көп екенін айтады.
Қарапайым мұғалім болса да, өлкеміздің тарихи құндылықтарына құрметпен қарап жүрген Төлжан Рахмановқа еріксіз риза болдық. Осындай қамқорлықтар өткенімізді түгендеуге сеп болары анық.
Есет ДОСАЛЫ
Байзақ ауданы