Термешілерге құрмет неге төмендеп кетті?
Қазақ сөз баққан, шешендік пен тереңдіктің аражігін ажырата білген халық. Ал, сөздің асыл маржандары терменің сөздерінде жинақталған. Теңіздің түбіндегі інжу тастардай бағалы теңеулерді де қасиетті өнердің осы түрінен табуға болады. Жырдың қасиетін бойына сіңірген жыршылар туралы айтарымыз аз емес. Жыршылық дәстүр Сыр бойында және Батыс аймақтарда терең мазмұнда сақталғаны баршаға белгілі. Ал, біздің өңірде қазіргі таңда жыр мен термені дамытуға көңіл бөлу, жыршы мен термешіні бағалау жоғары деңгейде деп айту қиын.
Өңірдің абыройы – баршамызға ортақ олжа. Әулиеатаның өнері өрге жүзіп жатса, баршамыз үшін жетістік. Жалпы, бұл ретте Әулиеатада терме, жыр өнері мүлдем дамымаған деген ой тумауы тиіс. Ерте ғасырлардан біздің өңірдің де небір жыршы-термешілері болды. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Сол үрдіс жалғасып, Жамбыл Жабаевтың кезеңіне жетті. Жамбыл бабаның қаншама дастандарды ұзақ күндер бойы жырлағанын білеміз. Шәкірттері Кенен Әзірбаев та жыршылық-термешілік дәстүрді дамытқан өнер иесі. Мұның баршасы қазақ түгілі, көршілес мемлекеттер де білетін ақиқат.
Терме-жырды неге есімізге алып отырмыз? Себебі, қазақтың барлық тәрбиесі мен тәлімі, өсиеті, өнегесі осы терменің сөздерінде жатыр. Осы күні ақ орамал салып барған жерін сыйламайтын келін көбейді. Ата-анасының абыройын түсірген, бұзақылыққа бой алдырған ұлдардың саны өсті. Соның салдарынан қылмыс жасау, ажырасу, ағайынның араздығы өршіп барады. Мұның баршасы термені тыңдай қалса, түгел шешімін тауып кетеді деп те айта алмаймыз. Бірақ, «Баланы жастан» дегендей, бөбектерді бесігінде жатқан кезінен жыр-термеге сусындатсақ, мектеп қабырғасында жүрген кезінен терменің тәлімін, сөздің қасиетін ұғынуға тәрбиелесек, келеңсіздіктер азаяр ма еді деген тілек.
Жалпы, термешілік, жыршылық туралы айтқан кезде біздің өңірде де ойымызға оралатын есімдер бар. Әуелі ұзақ жыл жыршылық, термешілік бағытта еңбек сіңірген Аяз Бетбаев есімізге түседі. Есімі айтыспен танылса да, Айтмұханбет Исақов та осы саланың дамуына біраз тер төккен азамат. Меркілік Бейбіт Шошабаевты, байзақтық Ертай Тазабековты, Болат Басықараевты атап өтуге болады. Біз бар болғаны 19 жасында облыстық термешілер байқауында бас бәйге алған термеші, Мәдениет саласының үздігі Маралбек Бабақұловты да сөзге тартқан едік. Ол: Бұрын әр айтыс арасында айтылған терме үшін де ұпай көтеріп, қазылар алқасы термешілерді де бөлек бағалайтын. Солай қанаттандық. Екі жыл бұрын «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеті қазына» республикалық байқауында біздің облыс бас жүлде алды. Сол байқауға Айгүл Есекеева екеуміз «Терме» аталымы бойынша Бекарыс Көштаев «жыршы» аталымы бойынша қатыстық. Биыл Жамбыл-Түркістан облыстары арасында өткен өнер жарысында термеші ретінде облыс намысын қорғадым», – деді.
Ал, байзақтық термеші Ертай Тазабеков:
Біз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаевты, Меркі ауданының құрметті азаматы Бейбіт Шошабаевты да сөзге тарттық. Олар да осы терме өнерінің жағдайына алаңдаушылықтарын білдірді.
Ұзақ жыл мектеп директоры, ауылдық округ әкімі болған байзақтық тұрғын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Назым Қуанышбаева:
Бұл ретте облыс әкімінің тікелей қолдауымен биыл ғана ашылған облыстық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілері орталығы» мекемесінің директоры Ахметжан Өзбековтің де айтары бар. Ахметжан Орынбасарұлы:
Қалай десек те, термешілерді қолдау тасада қалмауы тиіс. Себебі, термешілік, жыршылық өнердің алға басуы – баршамызға ортақ жетістік.
Есет ДОСАЛЫ