Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
Жамбыл облысы Әділет департаментінің атына адвокаттардың адвокаттық сұрау салуы бойынша ақпарат бермеу туралы өтініштері жиілеп кетті.
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" ҚР Заңының 35-бабының 8-тармағына сәйкес мемлекеттiк органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар адвокаттың заң көмегiн көрсетуiне байланысты сұрау салуына он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi. Егер ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызылған жағдайда, адвокатқа сұратылып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуы мүмкін.
ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 668-бабына сәйкес, адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенiң заңды қызметiн жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, олардың кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талап етілетін материалдарды немесе мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген кедергi келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса – лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар қолданыстағы заңнама шегінде және мерзімдерінде адвокаттық сауалға жауап беруі қажет.
Құқық түсіндіру жұмысы және
заңгерлік қызмет көрсету бөлімі