Әлеумет

Ұлттық мұра ұлықталған күн

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өз оқырмандарына тек кітап ұсынумен шектелмей, жасөспірімдерге өнеге көрсетер көптеген іс-шараларды да ұйымдастырып келеді. Сондай мағыналы іс-шара ұлттық киім туралы танымдық басқосумен жалғасын тапты. Кітапханадағы «Зере» әжелер клубы кезекті отырысын ұлттық киімнің ұлағатына арнады.

Оқырмандарға ұлттық киімнің маңыздылығын түсіндіру, тарихымен таныстыру және жастар арасында насихаттау мақсатында өткен «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты іс-шараға «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің арнайы пән оқытушысы С.Молдабаева, кітапханашы З.Удербаева, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Н.Чоембаева мен аталған колледж студенттері қатысты.

Басқосуда оқырмандар тарапынан ұлттық киім жайлы түрлі сұрақтар қойылып, ашық пікірлесу өтті. Танымдық әңгіме барысында жастарға ұлттық киім және оның түрлері туралы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА