Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы 2024 жылдың 26 қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 16.30-да келесі күн тәртібімен өтеді:
1. «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы №2-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. «Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-13 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
4. Сегізінші шақырылған Жамбыл облысы мәслихатының «Бірлік» депутаттық тобын құру және Ережесін бекіту туралы.
5. «Жамбыл облысының басқару схемасы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы №14-12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. «Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы облыстық терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-10 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
7. «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын- сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссия құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы №3-11 шешімін жою туралы.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2024 жылдың 26 қараша күні сағат 14.30-да басталады.
* * *
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2- қабат) 2024 жылдың 26 қарашасында сағат 15.00-де өтеді.
Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он тоғызыншы сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.
Абдалы НҰРАЛИЕВ,
облыстық мәслихаттың төрағасы.