Әлеумет

Баршаға жанашыр азамат еді...

Кейде «Бес күндік жалған» саналатын осы дүниенің мәні мен мағынасы туралы ойға қалатынымыз бар. Өмірге келудің бар мұраты ұзақ ғұмыр кешу ғана ма? Ойлы адамдардың өлшемі олай болмаса керек. «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» дегендей, соңында жақсы ісі қалған кісінің ғұмыры алғыспенен жалғасын таба бермек. Кеше ғана өмірге құштар жас азаматты соңғы сапарға шығарып салып тұрып, осындай толғанысқа толы күй кештік.

Алланың ісіне шара жоқ екенін тағы да пенделік болмыспен мойындадық. Раббымыздың маңдайға жазған жазмышын ешкім өзгерте алмайтыны анық. Жаратқанның шешіміне сабыр ету – пенденің мықтылығы.

38 жасқа қараған шағында экономика ғылымының магистрі, жас қаржыгер Досхан Сәттібаев өмірден өтті. Ол – танымал жазушы-журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, газетіміздің ардагері Көсемәлі Сәттібайұлының перзенті. Бұл қаза Сәттібаевтар әулетіне ауыр соғып, қабырғасын қайыстырып кеткені анық. Көсемәлі Сәттібайұлына Мемлекет басшысы көңіл айтып, жеделхат жолдады. Сонымен қатар, көптеген ел азаматтары көңіл білдірді.

Досхан Сәттібаев 1987 жылы 5 наурызда Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне магистратураға түсіп, 2011 жылы экономика ғылымының магистрі атанды. К.Г.Раумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және менеджмент университетінде «Маркетинг» мамандығы бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсынан өтіп, Мәскеу Халық оқу орталығында 2010 жылдың 4 ақпанынан 2010 жылдың 9 наурызына дейін кеңе с беру қызметтері бойынша операциялық кассасында қызмет атқарды. 2010-2011 жылдар аралығында «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалы №169926 кассасында бақылаушы-кассир, 2011-2012 жылдар ара лығында «Нұрбанк» АҚ заңды тұлғаларға операциялық қызмет көрсету бөлімінің менеджері қызметтерін атқарды. Сондай- ақ, «ForteBank» акционерлік қоғамында заңды және жеке тұлғаларға операциялық қызмет көрсету бөлімінің менеджері, «Нұрбанк» акционерлік қоғамы Тараз қаласындағы заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің «Жетекші менеджері» қызметінде абыройлы үйлестірді. Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Заңгер» мамандығы бойынша білім алып, ізденуден жалықпайтын жас екенін дәлелдеген азамат еді. Оның мейірімділігі, елге зектігі, жұмысына деген жауапкершілігі мен т а лапшылдығы айт а жүретін асыл қасиеттер. Банк саласында қызмет істеп жүрген кезінде алдына барған кісілердің барлығына уақытпен санаспай қызмет етті. Жас азаматтың о сы ісіне Алладан сансыз сауаптар жазылып, екінші өмірінде дәрежесін көтерсін деген тілектеміз. Қазіргі күнге дейін «Даму қоры» акционерлік қоғамында қызмет еткен Досханның мүмкіндігі мол, арманы үлкен еді. Болашағынан үміт күттірген білімді азаматтың ғұмыры орта жолдан үзілгені, әрине, өкінішті.

 

Есет ДОСАЛЫ