Кәсіпкер мүддесі қорғауда
Бүгінде елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Бұл бағыттағы бастамалар өңірімізде де кешенді түрде жалғасын тауып келеді. Бұл ретте облыстық кәсіпкерлер палатасының салааралық кеңесінің жұмыстарын да атап өтуге болады.
Аталған кеңестің құзіретіне бизнес бастаушыларды оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерге бизне сті мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар туралы хабардар ету, кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді анықтау, аудандар, өңірлер, республика бойынша бизнестің жүйелі проблемаларын шешу мәселелері енеді. Сондай-ақ, кеңес отандық өндірістерді дамытуға және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, облыс кәсіпорындарында талап етілетін мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу, агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес проблемаларын реттейді.
Өнеркәсіптің салалық кеңесінің қызметі облыстың өндіріс саласында жұмыс істеп тұрған 5 мыңнан астам кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мүдделерін қамтиды. Кеңес 13 тұрақты мүшеден және 100-ден астам сала өкілдерінен тұрады. Сауда- саттықтың салалық секторы, туризм, сауда және көрсетілетін қызметтер салалық кеңесі 13 тұрақты мүшеден тұрады және облыстың көтерме және бөлшек сауда саласындағы 35 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мүдделерін қамтиды. Осы саладағы жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің жалпы санынан қамту 33,5 пайызды құрады, онда жеке кәсіпкерлік 31,4 пайызбен үлкен үлесті алады. Кеңесті ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік органдармен және даму институттарымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, 15-тен астам түсініктеме берілген. Республикалық және өңірлік сипаттағы жүйелі проблемалық мәселелердің тізілімі тұрақты негізде қалыптастырылады.
Сонымен қатар, сектор төрағасының сауда орталықтарын жаңғырту, сауда объектілерін салу, реконструкциялау, үйдегі дүкендердің, кооперативтік дүкендердің айналым қаражатын толықтыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру арқылы мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған. Бағдарламаның шарттары бойынша үш мегаполистен бөлек, облыс орталықтарында жобаларды іске асыратын ішкі сауда субъектілері үшін кредиттер сомасы 3 миллиард теңгеден аспауға тиіс. Сонымен бірге моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын ішкі сауда субъектілері үшін кредит сомасы 1,5 миллиард теңгеден аспайды. Айта кету керек, моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде автомобильдер мен мотоциклдер саудасын қоспағанда шектеусіз барлық сауда-саттыққа қолдау көрсетіледі. Мемлекет үшін субсидиялауды ескере отырып, кредит мөлшерлемесі 10,75 пайызды құрайды. Жетіспейтін кепілмен қамтамасыз ету үшін ішкі сауда субъектілері кредиттерге кепілдік беру түріндегі құралды пайдалана алады. Соған сәйкес, жұмыс істеп тұрған субъектілер кредит сомасының 50 пайызына дейін, тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын бастаушы субъектілер несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік несиенің барлық мерзіміне беріледі.
Латиф Әмзеұлының айтуынша, салалық даму мәселелері шеңберінде өнеркәсіптің салалық кеңестеріне «ТаразКожОбувь» ЖШС мысалында жеңіл өнеркәсіпте класстер құру бойынша ірі бизне спен шағын бизне стің өндірістік кооперациясының пилоттық жобасы іске асырылып, сүйемелденеді. Жалпы, қазіргі уақытта кәсіпкерлер палатасы жанынан өңірдің жалпы өңірлік өнімін, жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің санын талдауды ескере отырып, өңір экономикасының негізгі салалары бойынша тұрақты жұмыс істейтін 6 салалық кеңес құрылып, өз жұмысын жүргізуде. Салалық кеңестердің құрамында облыстың 100 мыңнан астам тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қамтитын кәсіпкерлік қызмет субъектілері қатарынан 400-ге жуық тұрақты мүше бар. Кеңестердің төрағалары мен мүшелері облыстың белсенді және беделді кәсіпкерлері ретінде өз салаларында палата өңірлік кеңесінің мүшелері саналады.
Нұрболат АМАНБЕК