Мәдениет

Керімбай болыстан қалған үзеңгі

Қазақ халқы үшін әрбір белгілі азаматтардың жүріп өткен жолы –өнеге, тұтынған заттары – құндылық. Жақсылардан қалған бағалы зат теберік деп те есептеледі. Соңында ел басқарған үлгілі ісі мен тұтынған бұйымдары қалған игі жақсының қатарында Керімбай болыс та бар. Бұл күнде Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназиясы дәл осы Керімбай Бұралқиевтың есімімен аталатынын көпшілік жақсы біледі.

Жақында редакциямызға Талас ауданының Құрметті азаматы, аталған ауданда ұзақ жылдар есеп-статистика саласында қызмет атқарған ақсақал Бейсенбек Рахымбердиев келді. Қарияның келгендегі шаруасы осы Керімбай болыстан қалған үзеңгі туралы, соның жеке кісінің үйінде емес, арнайы орында сақталуы туралы екен.

Бейсенбек Рахымбердіұлы:

Бір қызығы, сол Аңсабек Қасымбеков те редакцияға өзі келді. «1977 жылы бетпақтағы «Ұланбел» кеңшары жағынан қамыс ордық. Сонда аталған ауылдың тұрғыны Шахабай деген кісінің үйінен сусын ішіп жүрдік. Әлгі Шахабай атаның айтуынша да, Керімбай болыс Арқадағы Бұзау болыстан жақсы сый көріп, ер-тұрманымен жылқы мініп, мал айдап қайтыпты. Жолда осы Шудың ну қамысының арасынан жолбарыс кездеседі. Бұл жағдайдан жігіттер сескеніп қалыпты. Сонда Керімбай ата қасындағыларға: «Сендер жүре беріңдер. Өзім реттеп, сәлден соң барамын» депті. Жігіттер қамыстан шығып-шығып кетеді.

Әлден уақытта Керімбай болыс шығып:

Біз үзеңгінің қазіргі егесі, тараздық Нұрлан Қойкеновке де хабарластық. Ол:

Редакцияға келген Бейсенбек ақсақал бізге үзеңгінің суретін де көрсеткен. Былайша, үзеңгіні отыз жыл сақтап келген Нұрлан Қойкеновтың де қойып отырған талабы орынды. Сол талап орындалып жатса, тарихи үзеңгінің Тараз қаласындағы Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының музейінде тұратын күні алыс емес.

 

Есет ДОСАЛЫ