Жаңалықтар

Әлем лидерлері Бакуде бас қосты

12 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге жұмыс сапарымен барып, Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың конференциясы аясында өткен әлем көшбасшыларының саммитіне қатыcты. Бұл туралы Ақорда ресми парақшасында хабарлады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында мемлекеттер басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және бизнес-құрылым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.