Қоғам

Жоба игілігін көріп отырғандар көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, оның игілігін барша халық көруі керек деген еді. Көп ұзамай аталған жобаның орындалуы Үкіметте қаралып, артынша бірқатар өңірде жүзеге асырыла бастады. Осылайша өткен жылдың соңында пилоттық негізде қолға алынған жоба өз тиімділігін көрсетіп, биыл жалпыхалықтық бағдарламаға айналды.