Қаржылық сауатты арттырудың тиімділігі мол
Былтыр Amanat партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жөнінде тың бастама көтерген болатын. Президент оны қолдап, жобаның ауқымын жалпыхалықтық деңгейге шығаруды тапсырды. Бұл жұмысқа Үкімет пен Ұлттық банк қосылды. «Қарызсыз қоғам» жобасы қарызға белшеден батып, үмітін үзгендерге нақты қолдау көрсетеді. Қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйретеді. Осыған сәйкес, биыл еліміздің барлық өңірінде жобаға 750 мың адам қамтылады деп жоспарланған болатын.
Жобаға қатысушылардың арасында алғашында оның тиімділігіне сенімсіздікпен қарағандар болғаны рас. Алайда, оқыту курсы аяқталғаннан кейін, ол отбасылық бюджетті дұрыс басқаруды үйретіп қана қоймай, табысты арттырудың жолын табуға көмектесетініне көз жеткізе бастағандар аз емес. Солардың бірі – Шу ауданы, Жаңа жол ауылының тұрғыны Данара Ибрагимова. Ол орта мектепте мұғалім болып жұмыс істейді, екі баланың анасы. Данара – алаяқтардың құрбаны. Ол өз атына алған несиесін биылғы маусым айында толығымен жабады. Келесі күні өзін банк қызметкерімін деп таныстырған біреу қоңырау шалып, оған несие берілгенін және бұл мәселені шешу үшін «айна несиесін» рәсімдеу керек екенін хабарлайды. Осылайша, алаяқтар оның атына Хоум кредит банкте 3,5 миллион теңге көлемінде онлайн-несие рәсімдейді. Данара тіпті өз атына несие рәсімделгенін түсінбеген. Біраз уақыттан кейін ол «Sulpak» сауда үйінен ұлына телефон сатып алу үшін Хоум кредит банктен несие алмақ болады. Алайда, сол жерде банк қызметкерінен өзінің кешіктірілген қарызы бар екенін естиді. Осылайша несие бойынша қарызын кейінірек білген әйел Шу ауданының ішкі істер бөліміне жүгініп, адвокат жалдаған. Бірақ шағымы бойынша ешқандай қозғалыс болмай, банктік есепшотына шектеу қойылғаннан кейін қаржылық сауаттылықты арттыратын «Қарызсыз қоғам» жобасына келеді.
Оқу соңында құқық бөлімінің мамандары Данара Ибрагимоваға көмек көрсетіп, қажетті кеңестер берді. Мәселен, заңсыз рәсімделген кредитті есептен шығару үшін банкке және алаяқтық фактісі бойынша ауданның ішкі істер бөліміне өтініш жазылды.
Ал, Жамбыл ауданының Сұлутөр ауылында тұратын көпбалалы ана Гулчехра Абдурахманова болса жұмыссыз, бес баласына 52 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы алады. Жұбайының да тұрақты жұмысы жоқ, кездейсоқ табыстармен күн көреді. Сондықтан Гулчехра Оразбайқызы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттық қаржыландыруға қатысуды жоспарлайды. Алайда, өз бетінше business.enbek.kz. порталына тіркеле алмаған. Ол «Қарызсыз қоғам» жобасының сарапшылары аталған порталға тіркелуге, оқуға және бизнес-жоспар жасауға көмектесетінін естіп келген. Оқу соңында жобаға қатысушы қаржы сарапшысынан қажетті кеңес алып, оның business.enbek.kz порталына тіркелуіне көмек көрсетілген. Нәтижесінде Г.Абдурахмановаға «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша курстан өткені туралы сертификат беріліп, тігін цехын ашуға арналған бизнес-жоспар әзірленді. Көп ұзамай гранттық қаржыландыру байқауына өтініш берген Гулчехра 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант ұтып алып, өз кәсібін ашу мүмкіндігіне ие болды.
Amanat партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын үнемі жетілдіріп келеді. Жобаға қатысушылардың 75 пайызы – әйелдер. Оның жартысынан көбісі – көпбалалы аналар. Партия оларға жағдайды жақсартудың жаңа құралын ұсынуда. Атап айтқанда, оқудан өткен әйелдердің жеке кәсібін бастау үшін қайтарымды грант пен лизингке құрал-жабдықтар сатып алу
Жүрсінгүл ЖАҚЫП