Жамбылда «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылуда
Бастысы, бағдарлама аясында тірлігін тіктеп, тұрақты түрде табыс тауып отырған жандар аз емес. Мәселен, екі жыл бұрын құрылған Шу ауданына қарасты Жаңажол ауылындағы «Шу-2021» өндірістік кооперативі мал басын көбейтіп, егіс алқабындағы өнім көлемін ұлғайтуға күш салуда. Мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинаған ауыл ақсақалы Жапарқұл Тәжиев басқаратын кооперативтің құрамындағы 4 шаруа қожалық осы жылы 800 гектарға егін еккен.