Мәдениет

Жамбыл облыстық мемлекеттік архивтің 85 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Жамбыл облыстық мемлекеттік архивке 85 жыл толуына орай «Ақтарылған архив, тасқа басылған тарих» жоба аясында «Архивті жеке тектік құжаттармен толықтыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара барысында облыс әкімдігі басқармасына қарасты облыстық архивтің бөлім меңгерушісі Сағындық Зейнуллаұлы, Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Гаухар Кулибаева, сондай-ақ бас сарапшы Дарига Атышева жеке тектік қор құжаттары архивке өткізілу барысын, сұрыпталу тәртібін, жалпы жұмыс жүйесін кезең-кезеңімен баяндап берді. 

Архивте сақталған әрбір құжат  – тарих айнасы. Мұнда сақтауға түскен құжаттарды архив қызметкерлері көзінің қарашығындай сақтайды.