Жаңалықтар

Инновациялық технологиялардың игілігі көп

Инновациялық технологиялар мен бұлтты есептеулер Қазақстан экономикасының барлық салаларына біртіндеп еніп келеді. Елдегі IT қызметтері мен өнімдер нарығы экспоненциалды түрде өсуде. Бүгінде Қазақстан электрондық үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында. Өткен жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауында сөйлеген сөзінде республика алдында маңызды стратегиялық міндет – ITмемлекетке толық трансформациялау тұрғанын атап өткен болатын.

Соңғы жылдары нарық тұрақты өсуді көрсетті. Бірінші кезекте Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді айтарлықтай қолдау мен цифрландырудың арқасында дамуда. Үкімет цифрлық трансформацияны, жаңа өнімдерді әзірлеуді және І-инфрақұрылымды дамытуды белсенді қолдап келеді. Сонымен бірге технопарктер, акселераторлар, инновациялық хабтар құру, онда жас перспективалы мамандар тартылады, онда олар өз идеялары мен стартаптарын іске асырады. Бүгінде бұл бағыттағы айшықты өзгерістер елімізге сырттан келген сала мамандарын да қызықтырып отыр.

Өткен жылғы 16-17 қарашада Цифрлық технологиялар басқармасы, «Zhambyl Hub» және Шерхан Мұртаза атындағы Ха лықара лық Тараз инновациялық институтының өкілдерімен бірлесіп Тараз қаласында «Google developer» фестивалін өткізді. Іс-шараға Үндістаннан келген Google сарапшылары мен жаттықтырушылары Vrijraj Singh және Kartik Derasari, сондай-ақ Тараз қаласының түлегі Азизхан Алмахан онлайн форматта қатысты. Өз қызметін IT-бағытына бағдарлаған 500-ден астам маман қатысқан болатын.

Бүгінде «Zhambyl Hub» өңірлік хабы Beginit Central Asia by inDrive халықаралық жобасының жаңа маусымын бастады. 10-сыныптардың дарынды оқушыларын анықтау, олардың жаңа технологиялар саласындағы дағдыларын дамыту және әлеуметтік кәсіпкерлікке деген қызығушылығын оятуды мақсат еткен жоба Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарын және Жамбыл облысын қамтиды. Бастама қатысушыларға көшбасшылық қасиеттерін дамытып, тегін жоғары білім алу үшін бірегей мүмкіндіктер береді.

Осы арқылы қатысушылар Beginit платформасында тегін оқудан өтіп, Алматыдағы Bootcamp-қа қатысып, өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыра алады. Бағдарламаның үздік қатысушылары шетелге білім беру сапарларына гранттар иеленеді. Сонымен қатар, жеңімпаздарға ҰБТ-ға дайындық курстары мен компьютерлер сыйға беріліп, 20 финалист inVision u университетінде тегін оқуға шақырылады. Жаңа инновациялық технологиялардың қарыштап дамуына қарамастан бүгінде аталған салада кадр тапшылығы алдыңғы қатарға шығып отыр. Деректерге сүйенсек, 2019-2022 жылдар аралығында ақпараттық технологиялар, интернет, телеком саласындағы бос жұмыс орындарының саны 88,5 пайызға өскен.

2022 жылы ІТ-да пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда жұмыс іздеушілер саны тоғыз есе артқан. Ал, өткен жылдың екінші тоқсанында HH.kz. жұмыс берушілер порталында IT бағыты бойынша 8,5 мыңнан астам бос жұмыс орыны орналастырылған. Нарықтағы норма бір бос орынға бес-алты түйіндеме болып есептелсе, бүгінгі таңда орташа сұраныс ұсыныстан 2,5 есе артып отыр. Сондықтан, қазіргі таңда аталған салада мамандардың біліктілігін арттыру да өзекті мәселеге айналып отыр. Ол үшін, әрине, барлық IT мамандары, деңгейіне қарамастан, кем дегенде негізгі ағылшын тілін білуі керек және дамыған бағдарламалық жасақтамаға ие болуы керек.

Бұл қазақстандық нарықта жұмыс істеу үшін де, халықаралық деңгейге шығу үшін де маңызды. Бұған ресейлік компаниялардың елімізге көшуі де айтарлықтай ықпал етті. Сондықтан, Astana Hub Lerna|Skillbox-пен серіктестік арқылы алғашқы рет қазақ тіліндегі жасанды интеллект қолдану негіздері бойынша тегін курсты іске қосқан болатын. Осы арқылы нейрожелінің өзі қазақ тіліне аударылды.

Бүгінде бағдарлама ChatGPT-мен тиімді жұмыс істеуге үйрететін 45 бейне оқулықты қамтиды. Арнайы курста «Изи Штандарт» ЖШС консалтингтік компаниясының негізін қалаушы Андрей Цыган, DADA AGENCY креативті директоры, AI MOLODCA арнасының авторы, нейрожелі маманы Александр Доброкотов спикерлік етеді. Аталған курс бүгінде өңірлік хаб арқылы барлық қатысушыға қолжетімді болып отыр.

 

Нұрболат АМАНБЕК