Спорт және туризм

Бозкілемде ұстаздар белдесті

Тараз төрінде тұңғыш рет Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына арналған «Кәсіподақ барысы – 2024» республикалық турнирінің тұсауы кесілді. Даңқты палуан, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен бәсі биік бәсекеде еліміздің барлық аймағынан келген 40-қа жуық спортшы қазақ күресінен сынға түсті. Жарыстың ашылу салтанатында салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.