Жаңалықтар

Мемлекет білімді оқушыларды қолдауға әрқашан дайын

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әуелі Тараз қаласындағы «Мыңбұлақ» шағынауданында орналасқан өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды. Бүгінде мұнда 102 бала тәрбиеленіп отыр. Кездесу барысында Ғани Бектай қабырғасы қатаймай жатып тағдырдың түрлі сынағын бастан өткерген бүлдіршіндермен тілдесіп, олардың қажеттіліктері мен орталықтың бүгінгі ахуалын көзбен көрді. Ал, «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында өткен басқосу барысында министр мектеп оқушыларымен еркін форматта әңгімелесіп, білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен оқушыларды қолдау шараларына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, болашақта білім олимпиадаларына қатысушылар мен жүлдегерлерге лайықты құрмет көрсетіліп, қаржылай сыйақы тағайындалады.