Қоғам

Жамбыл облысының прокуратурасы алиментті өндіру бойынша талаптарды күшейтті

Прокуратура органдары балалардың мүдделерін қорғау мақсатында жосықсыз борышкерлерге қатысты шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Полицияның, әділет органдарының және жеке сот орындаушылар палатасының борышкерлерге қатысты мәжбүрлеу шараларын қабылдау бойынша тиісті өзара әрекеттесудің жоқтығын прокуратура атап өтті.