Соттың абыройы – мемлекеттің абыройы
Осы жылдың 4 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаветың қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының ІХ съезі өтті. Бұл іс-шараға еліміздің барлық аймақтарынан судьялар корпусының делегаттары қатысты. Олардың қатарында Жамбыл облысы соттарының судьялары да бар.
Жалпы, аталған съез барысында судьялар қауымдастығы сот жүйесін жүзеге асырумен байланысты актуалды, өзекті мәселелерді талқылады. Бұдан бөлек, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындап, сот жүйесін одан әрі дамыту үшін маңызды шешімдер қабылданды.
Айта кетейік, судьялар съезі төрт жылда бір рет өткізіледі. Ал, биыцл өткен IX съезде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап үш кассациялық сотты құру, сот жүйесінің институционалдық дербестігін нығайту, кадрларды іріктеу жүйесін жандандыру, судьялардың этикалық нормаларын сақтауы, судьялардың мінез-құлқының жоғары стандарттарын бекітетін және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтатын судьялардың жаңа Судья Әдебі кодексін қабылдау, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттырған және судьялар мен айыптаушыларға қойылатын талаптардың күшеюіне әкелген сот отырыстарының онлайн трансляция жүргізу сондай-ақ бірінші, екінші сатылы сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігі, сот ісін оңайлату, оның ішінде, инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект көмегімен жүргізу мәселелері талқыланды.
Съез соңында ел Президенті сот жүйесіндегі реформаларға оң бағасын беріп, қазақстандық судьялардың қандай болуы керектігі жайлы және сот қызметкерлерін іріктеуге және олардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аудару қажеттігіне баса назар аударды. Мемлекет басшысы судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдау туралы ұсынысын қолдады. Құжат соттардың тәртібінде жоғары стандарттарды бекітіп, сот жүйесіне қоғамның сенімін нығайта түседі.
Халифа ҚОСАЛИЕВА,
Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы