Мәдениет

Аудан шежіресінің шырақшысы

Басылым – тасқа басылған тағылымды тарих. Газет – әр өңірдің сыр шерткен шежіресі. Мерейлі Меркі ауданының тыныс-тіршілігін жан-жақты жазып келе жатқан «Меркі тынысы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толып отыр.

Аталған басылымның мерейтойы ауданда жақында ғана ашылған белсенді өмір сүру орталығында өткен аудандық дойбы жарысынан басталды. Мұнан соң аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында мерейтойдың салтанатты ісшарасы өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек ашып, жүргізіп отырды.

Келесі сәтте аталған газетті ұзақ жыл басқарған Бектұрған Жамбабаев негізгі баяндаманы жасады. Оның баяндамасында аталған газеттің ұлағатты жолы, тағылымды тарихы, барша қызметкерлердің еңбегі толық қамтылды.

Мұнан соң ақын, Меркі ауданының Құрметті азаматы Шырын Мамасерікова құттықтап, жырдан шашу шашты. Ардагер журналист Сейсен Қожекенің арнау өлеңі де көңілден шықса, мемлекеттік қызмет ардагері, аталған газеттің бұрынғы бас редакторы Әтіркүл Исаева да ағынан жарылып, тілегін арнады.

Жиында ре спубликалық «Салық тәртібі» газетінің директор-бас редакторы, «Меркі тынысы» газетінің жанашыры Ғалым Қасабай сөз алып:

Жиынға келген өзге де қонақтар сөз сөйлеп, аудандық «Меркі тынысы» газетінің бас редакторы Әлихан Нұралиевке құттықтау хаттары мен сыйлықтарын табыс етті. Жиынды Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы қорытындылап, келген қонақтарға алғысын білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Меркі ауданы