Құқық

Қоғамға бейімдеуге бағытталған байқау

Жуырда қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әйгілі палуан Жақсылық Үшкемпіров атындағы «ТаразАрена» спорт кешеніндегі жабық бассейнде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында суға жүзуден ашық турнир өтті.

«Тараз – қауіпсіз қала» жобасының шеңберінде ұйымдастырылған сайысты Тараз қаласының прокуратурасы, Тараз қалалық №1,2,3 пробация қызметі мен қала әкімдігінің спорт бөлімі бірлесе өткізген. Тартысты өткен дода барысында қатысушылар 50 және 100 метрлік қашықтықта өзара кім мықтыны анықтады. Ал, турнирге 30-31 жас аралығындағы бас-аяғы 50 адам қатысып, бақ сынасты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Шолпан АКЗЫМАЛИЕВА

қалалық №1 пробация қызметі бөлім бастығының орынбасары, әділет майоры.