Денсаулық

Түркия – медициналық туризмде бесінші орында

Әлемдегі науқастар ең көп келетін және сапалы медициналық қызмет көрсету жағынан Түркия бесінші орында тұр. Бұл елге жанына батқан дертке шипа іздеп келетіндермен қоса шаш ектіріп, семіздік пен пластикалық ота жасататындар да көп көрінеді. Ондағы теңіздегі демалыс орындары да денсаулықты жақсартуға оң септігін тигізуде.

Түркияда денсаулық сақтау саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Яғни, мемлекеттік ауруханалар саны артып, жеке клиникаларға инвестиция салынуда.

Бұл салада олардың табысы 20 жылдың ішінде еселеп өсіп, бүгінде 2 миллионға жуық науқасқа медициналық қызмет көрсетіп отыр. Бұл деректі Түркия Президентінің мына сөзінен де аңғаруға болады.

Қамар ҚАРАСАЕВА