Денсаулық

Лондондық ғалымдар өмірді ұзартатын дәрі ойлап тапты

Адам өмірін ұзартатын дәрі ойлап тапқан лондондық ғалымдар бұл инновациялық өнімнің адам ағзасына ешқандай зияны болмайтынын айтуда. Қазір дәрі тышқанға қолданылып, сынақтан өткізілуде.

Тәжірибе барысында бұл инновациялық өнім кеміргіштердің ағзасына оң әсер еткені олардың жағдайының жақсарғанынан байқалған. Тіпті, қатерлі ісікке шалдығу қаупі де кеміген. Ағзадағы қартаюды реттейтін ақуыз бөлінісі тежеліп, өмір сүру ұзақтығын шамамен 20-25 пайызға арттырған. Егер сынақ нәтижесі оң көрсеткіш берсе, адамдарға қолдану жоспарланып отыр.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА