Қызмет сапасын жақсартуға бағытталған орталық
Басты байлыққа бағаланатын денсаулықты күтіп, халықтың салауаттылығын сақтау аса маңызды болғандықтан да медицина саласы заманауи талаптарға сай жаңарып келеді. Қалың жұртшылықтың сапалы медицинаға қолжетімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар аз емес. Медицина қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін дамыту ісі де үздіксіз жалғасуда. Озық тәжірибелерді өзге әріптестермен бөлісіп, денсаулықты сақтау ісін ілгерілету мақсатында бірқатар емдеу мекемелерінде үздік тәжірибе орталықтары жұмыс істейді.
Облысымызда Меркі, Жамбыл, Талас, Қордай аудандарында және Тараз қаласындағы №2, №5 емханаларда ашылған үздік тәжірибе орталықтары медициналық қызметтің сапасы мен халықтың қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл орталықтардың негізгі басымдықтары–адам мен оның отбасының қажеттіліктері төңірегінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру, халықтың медициналық сауаттылық деңгейін арттыру. Сонымен қатар, халықты емдеу, сауықтыру және аурудың алдын алу процесіне тарту, тиімді ауылдық денсаулық сақтауды құру, халықтың денсаулығын сақтау саласында жобалық басқаруды және әлеуметтік бағдарламаларды енгізу мен дамыту негізге алынған.
Динара Амангелдіқызының айтуынша, №5 қалалық емхана Үздік тәжірибелер орталығы ретінде жобаларды басқаруды енгізген. Қазіргі уақытта жобалармен жұмыс жүргізілуде.
Айта кетейік, бұл №5 қалалық емхана «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып, 2010 жылы қолданысқа берілген болатын. Жобалық қуаты ауысымына 500 келушіні, ал нақты қуаты 800 келушіні қабылдайды. Осы емханаға бекітілген тұрғындардың жалпы саны 68851 адам, оның ішінде 43156-сы ересек, 25695-і балалар.
Ұйымның құрылымында 5 отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтікпсихологиялық көмек көрсету бөлімшесі, арнайы мамандар бөлімшесі, диагностикалық бөлімше және 78 төсектік күндізгі стационарымен емдеп, қалпына келтіру бөлімшесі, жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесі, дәріхана бар. Мұнда медициналық-санитариялық алғашқы көмек, консультативтідиагностикалы медициналық көмек, жедел медициналық 4-категориялы шұғыл көмек, стационарды а лмастыратын медицина лық көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік бағдарланған медициналықсанитарлық алғашқы көмек үлгісі ретінде отбасылық дәрігерден, медбикелерден, акушерден, әлеуметтік қызметкерден және психологтан тұратын көпбейінді топ ретінде жұмыс істейді. Отбасылық денс аулық орт а лықт арының барлық учаскелерінде патронажды қосқанда 3 медбикенің тәуелсіз қабылдаулары ұйымдастырылған. Жұмыстың нәтижесі – отбасындағы үйлесімділік, оған дұрыс көзқараспен ең қиын жағдайда да қол жеткізуге болады.
Емхана ұжымы үшін ең бастысы – әр отбасымен мұқият жеке жұмыс жүргізу. Қазіргі уақытта халыққа амбулаторлық-емханалық деңгейде медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу өзекті. Бұл халықаралық стандарттар мен жаһандануды ескере отырып, халыққа медициналық көмек көрсетуді үздіксіз жетілдіру қажеттілігін талап етеді.
Емханадағы қызмет сапасын арттырып, жұмысты жаңаша бағытта жүргізудің нәтижесінде жалпы өлімжітім 1000 тұрғынға шаққанда 2,6 пайызға төмендеген. Өтініштер 35 пайызға кеміген. Сәбилер өлімі 4 промилге, яғни 2 есе азайған. Ана өлімі тіркелмеген.
ЕКІНШІ ЕМХАНАДА ДА ЕЛЕУЛІ ІСТЕР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Тараз қаласындағы үздік тәжірибе орталығы бар келесі емдеу мекемесі – №2 емхана. Мұнда озық тәжірибелік орталыққа көшу барысында PRIMARY HEALTH CARE ұлттық қауымдастығының қолдауымен, тәжірибелі коучтренерлер оқу семинарларын, тренингтер, шеберлік сабақтарын өткізген. Емхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілген. Емхананың бас дәрігері Жеңіс Тойшыбекованың айтуынша, үздік тәжірибе орталығын енгізу бағытында №2 қалалық емхана штатына тіркеу бөлімінен бастап өзгерістер енгізілген.
Осындағы орталықтың психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 8 психолог, 8 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олар маманның көмегіне жүгініп келген пациенттердің мәселесін айқындап, жағдайын бағдарлап, кешенді көмек көрсетеді. Кәсіби әдіс-тәсілдермен түзету шараларын жүзеге асырады. Сондай-ақ, бұл орталықта медициналық мамандар тұрғындарға өз денсаулығын күту, жақындарының саулығына көмектесу амалдарын үйретеді. Сонымен қатар, төтенше жағдайға тап болғанда алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын да көрсетіп, машықтандырады.
Қамар ҚАРАСАЕВА