Жаңалықтар

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен үздік деп танылған әдеби шығармалардың авторлары марапатталды.

Сонымен Мемлекеттік сыйлық:

1. ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.