Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ашық жиын өтті
Бүгін «Аulieata-media» серіктестігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша кезекті жиын өтті.
Өңірлік медиахолдингтің Бас директоры Данияр Асқарұлының төрағалығымен өткен кездесуге серіктестікке қарасты үш басылымның бас редакторлары мен бөлім басшылары қатысты.
Басқосу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмін жүзеге асыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл әрекеттері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мәселелері талқыланды.