МИБ тіркеу
2020 жылдың басынан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына елеулі өзгерістер енгізетін заң күшіне енді. Оның нормаларына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері (әрі қарай - МИБ) немесе жай серіктестіктер (әрі қарай – ЖС) құрылады.
Бүгінгі күнге Жамбыл облысы аумағында 269 МИБ тіркелген. Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ) – бұл бір үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үйжайларының иелері құрған заңды тұлға (коммерциялық емес ұйым). ММИБ орналасқан жері бойынша әділет органдарында тіркелуі және өзінің жарғысы болуы тиіс.
Жай серікте стік (ЖМ) – азаматтық шарт негізінде жалпыүйлік мүліктің барлық меншік иелерімен үйді бірлесіп басқару және күтіп ұстау. Тіркеу және жарғы талап етілмейді. Үй тұрғындары пәтер иелері берген сенімхат негізінде әрекет ететін сенімді тұлғаны таңдай алады.
Жай серіктестік әділет органдарында тіркелмейді. Бірақ, жергілікті атқарушы органдарда тіркеу есебіне тұру қажет.
• тұрғындар жиналысы хаттамасының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін).
• бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмелері.
ПИК пен МИБ айырмашылығы – тұрғындар тек өз үйлерін басқарады. Бұл оларға күрделі жөндеуге қаражат жинауға, қаражаттың түсуіне мониторинг жүргізуге және «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша олардың мақсатты жұмсалуына мүмкіндік береді. ПИК жағдайында барлық үйлерден жиналған барлық қаражат жалпы шотқа түседі.
Бұл – олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермейді. Егер ПИК бір мезгілде көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп ұстау бойынша қызметтерге Тапсырыс беруші және мердігер болса, МИБ тек Тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді. Осылайша, МИБ-тің келесі артықшылықтарын ажыратуға болады.
Біріншісі – МИБ көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарынан тұрады, мұнда бөгде адамдар жоқ.
Екіншісі – МИБ төрағасы мен үй кеңесі тек өзінің көппәтерлі тұрғын үйі, тұрғын емес үйжайларының иелері арасынан сайланады.
Үшіншісі – ағымдағы және жинақ шоттары МИБке ашылады. Бұдан әрі ақша қаражатының қозғалысына мониторингті МИБ төрағасы және үй кеңесі жүзеге асырады. Бұдан басқа, сервистік қызмет субъектісімен шартты МИБ төрағасы бір жылға жасайды. МИБ төрағасы ай сайын тұрғындарға атқарылған жұмыс туралы есеп береді.
Содан кейін, кондоминиум объектісі тіркелмеген жағдайда көппәтерлі тұрғын үй (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жұмыс істейтін мемлекеттік техникалық тексеруді жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізу үшін әкімдікке жүгінуге құқығы бар.
Соңғысы – МИБ жүгінген кезде әкімдік кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар мен көппәтерлі тұрғын үйдің астында орналасқан жер учаскесіне құжаттар дайындау бойынша шығыстарды да дайындайды және өтейді. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңның 6-бабына сәйкес, аумақтық әділет органдары мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
Мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін жиналыс хаттамасы, мүлік иелері бірлестігінің Жарғысы, мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
Т.АБДРАСУЛОВА
Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы.