Әлеумет

Жылыту кезеңіндегі басты мәселе – қауіпсіздік

Биыл өңірде жылыту маусымы 15 қазаннан басталып, келесі жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады. Осыған сәйкес, 3 қазанда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Жиында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үй секторында өрттер мен улы газбен уланудың алдын алу жөніндегі ісшаралар туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірле сіп, облыс бойынша әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектігі бар 3957 тұрғын үйдің тізімі нақтыланды. Жылыту маусымы басталғанға дейін 15 тамыз мен 15 қыркүйек аралығында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлері аулаларын аралауды толық жүзеге асырды.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Дархан Қалдырбек өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шараларына арналған баспасөз мәслихатында хабарлады. Баяндамашы жылыту маусымының алдында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі т алапт ары орындалған «үлгілі үйлерді» анықтау бойынша жұмыстар жүргізілгенін айтып өтті. Осы ісшараның нәтижесінде облыс аумағында 7 көпқабатты «үлгілі үй» анықталып, белсенді тұрғындар мен пәтер иелерінің жергілікті кооперативтерінің өкілдері марапатталған. Сонымен бірге, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, өңірде жылыту маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында, 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін облыс аумағындағы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізді. Айлық барысында тұрғын үй секторындағы өрттер мен улы газдан улану оқиғаларының алдын алу және жол бермеу үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аталған шараны өткізу кезінде 12 586 тұрғын үйді аралап, жылыту маусымы кезінде өрт салдарынан адамдардың қаза болуының алдын алу үшін 27 689 азаматқа нұсқаулық берілді. Жылыту пештерін, электр қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 3500- дей адамды қамтыған 300-дей жиын ұйымдастырылды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП