Таразда ескірген жеделсатылар жаңартылуда
Бүгінде қала әкімдігі тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміндегі Беларусь елінде өндірілген «МогилевЛифтМаш» зауытынан шыққан жеделсатылар (лифт) өндірістен алынып тасталған ескі үлгілерге жатады. 2009-2010 жылдар аралығында қолданысқа берілген лифтілердің жалпы қызмет ету мерзімі 25 жылдан асып, әбден тозығы жеткен. Соған байланысты оларды жаңалау қажеттілігі туындап отыр.
Айталық, 2023 жылы 88,2 миллион теңгеге ескірген жеделсатыларды ауыстыру бойынша мердігер «Тараз Лифт Сервис» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Нәтижесінде, Қазыбек би көшесі, №141 үй, Абай даңғылы, №159 «а» үй-2 блок, «Жансая» (11) шағын ауданы, №1, «Алатау» (8) шағын ауданы, №1, 1 «а» тұрғын үйлерге жалпы саны 6 жаңа жеделсаты орнатылды.
Бұл жұмыстар биыл да жалғасын тауып отыр. Атап айтсақ, ағымдағы жылы 6 лифтіні жаңғырту қолға алынған. Соған орай мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «ТаразЛифтСервис» және «Lift Pro – Servise» компаниялары жеңімпаз деп танылды.
Енді аталған серіктестіктер тарапынан Төле би даңғылы, №95-1, №95-2 блок, №98, «Жансая» (11) шағын ауданы, №2, Желтоқсан көшесі, №82, «Жансая» (11) шағын ауданы, №3 үйлерге жаңа жеделсатылар қойылуда.
Сонымен қатар, биыл 29 жеделсатыны күтіп ұстау үшін мердігер «Februus» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.
Тараз қалалық әкімдігі.