Хабарландыру

Хабарландыру

№4 және №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. №4 және №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.

2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.

3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

4. Осы қаулы облыстық «AQ JOL» газетінде жариялансын және Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Серғали АЙДАПКЕЛОВ,

облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.