Қоғам

Әйгілі тұлғалардың алғашқы кәсібі

Танымал кәсіпкерлердің басым көпшілігі үлкен пайдаға кенелмес бұрын, бизнестің қатпарлы жолдарынан өткен. Олардың әрқайсысының айқын жоспарлары мен биік мақсаттары болды. Тура келген қиындыққа қарсы тұрып, еңбек етудің нәтижесінде талай табыстарға жетті.

Атақты тележүргізуші, продюсер Эллен Дедженерестің алғашқы кәсібі сағыз сатудан басталды. Мектепте оқып жүрген кезінде өз құрдастарының назарын аудартып, қызықтыру үшін сауда жасаудың түрлі тәсілдерін ойлап тапқан. Сағыз сату Элленге адамдармен қарым-қатынас жасаудың оңай жолын үйретті.

Америкалық танымал өнертапқыш әрі бизнесмен Илон Маск кәсіпкерлікті жастайынан бастаған. Ол небәрі 12 жасында «Blastar» атты видео ойынды ойлап тауып, достарына сатқан. Сүйтіп алғаш рет 500 доллар пайда көрген екен.

Сондай-ақ, газет тасушысы да болған. Кен Гриффин болса мектеп қабырғасында жүріп-ақ еңбек жолын бастады. Яғни, аула сыпырушы болды. Өз табысын табу үшін көрші үйлердің маңайына дейін тазалапты. Кәсіпкер бұл тәжірибесі арқылы қаржылай сауаттылықты, табандылықты, жауапкершілікті бала кезінен меңгерді. Дональд Трамп мансабын студенттерге кеш ұйымдастырудан бастады. Өзінің «Трамп Тауэр» деп аталатын ғимаратында жастарды жинайтын. Ол іс-шараға келетін адам санын көбейту мақсатында ел естімеген тақырыптар қойып, кештерін барынша қызықты жасайтын.

Томас Джефферсонды Франция шараптарының баурап алғаны сонша, өзінің жүзім шаруашылығын ашқан. Вирджина штатындағы Монтиселло плантациясын сатып алып, кәсібін дөңгелетті. Дегенмен, жүзім өндірісін коммерциялық мақсатта қолдануды қолға алмаған, бірақ жеке тұтынушыларға шарап дайындаумен айналыса берген.

 

Әсем АСЫЛБЕК, 

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 3-курс студенті.