Ресей Эбола дертімен күресуге 8 миллион доллар бөлді
Ресей Эбола дертімен күресуге 8 миллион доллар бөлді
Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмитрий Медведев 2015 жылы Эбола дертімен күресуге бюджеттен 8 миллион доллар бөлу туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды РФ үкіметінің баспасөз қызметі. Аталған соманың 2 миллион доллары БҰҰ-ның балалар қорына (ЮНИСЕФ) аударылады. Ал 3 миллионы осы аурудан зардап шеккен елдерге көмек көрсету үшін Дүниежүзілік банктің есеп-шотына жіберіледі. Сондай-ақ, 1 миллион доллар аталған дерттен тез айығу үшін БҰҰ-ның басқа да ұйымдарына беріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Эбола дертінен Батыс Африкада қайтыс болғандардың саны 8468 адамға жеткен.