Ресей Эбола дертімен күресуге 8 миллион доллар бөлді

57

Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмитрий Медведев 2015 жылы Эбола дертімен күресуге бюджеттен 8 миллион доллар бөлу туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды РФ үкіметінің баспасөз қызметі.

Аталған соманың 2 миллион доллары БҰҰ-ның балалар қорына (ЮНИСЕФ) аударылады. Ал 3 миллионы осы аурудан зардап шеккен елдерге көмек көрсету үшін Дүниежүзілік банктің есеп-шотына жіберіледі. Сондай-ақ, 1 миллион доллар аталған дерттен тез айығу үшін БҰҰ-ның басқа да ұйымдарына беріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Эбола дертінен Батыс Африкада қайтыс болғандардың саны 8468 адамға жеткен.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support