Жамбылда не жаңалық?

Жылыту маусымына дайындық қалай?

Бүгінгі таңда аймақта отын-энергетика кешендерінің 2024-2025 жылдар аралығындағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары мерзімінде аяқталған. Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың айтуынша, жылыту маусымына дайындық барысында облыстық штаб құрылған. Нәтижесінде, 8 рет аталған штабтың отырысы өтіп, отын-энергетика кешендерімен жылдық 1,250 миллиард текшеметр тауарлық газ көлеміне маусымдық шарттар жасалған. Ал, аймақтағы кәсіпорындардың резервтік көмір қоры – 1 240 тоннаны құрап отыр.

Айта кетейік, барлық отынэнергетика кешендерінің диспетчерлік қызметтері тәулік бойы жұмыс атқарып келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-брифингінде спикер температуралық кестелері жасақталғанын, жылыту маусымы кезеңінде бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтары үшін жоспарланған көмірдің 85 пайызы жеткізілгенін баса айтты. Оның сөзінше, облыста көмір сатумен айналысатын 31 нарық субъектісінің 25-і өңірлік операторлар. Қазіргі таңда облыс көлемінде көмір тапшылығы орын алмағанын айтқан ол көмір тұйықтарында 13 мың тонна көмір бар екеніне тоқталды. Ал, Шұбаркөл, Қаражыра маркалы көмірлердің бағасы сортына қарай 18-24 мың теңге көлемінде екен. Атап өтетін бір жайт, аймақтағы Байзақ, Жамбыл және Мойынқұм аудандарында көмір сатумен айналысатын нарық субъектілері жоқ. Осы себепті, үш ауданның тұрғындары қатты отынды Тараз қаласы мен Шу өңірінен сатып алуға мәжбүр.

Есен ӨТЕУЛІ