Жаңалықтар

Таразда өндірістік инкубатор іске қосылды

Тараз қаласында «Алель Агро» акционерлік қоғамы Жамбыл филиалының өндірістік инкубаторы іске қосылды.

Аталған кәсіпорын алдағы уақытта құс шаруашылығына тың серпін беретін болады.

Жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға әлеуеті жететін өндіріс орны 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрайтын өндірістік инкубатор заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, инкубаторға қажет шикізаттар компанияның өз өндірісі арқылы жүзеге асырылады. Ал, өнімдерді негізгі өткізу көздері – «Алель Агро» АҚ-ның меншігіндегі құс фабрикалары мен фермерлік қожалықтары.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.