Сауд Арабиясы королі қайтыс болды

73

23 қаңтарға қараған түні Сауд Арабиясының алтыншы королі Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд қайтыс болды.

Монарх ауруханада 91-ге қараған шағында қайтыс болды. Бірнеше апта бұрын Абдалла өкпесінің қабынуына байланысты Эр-Рияд ауруханаларының біріне жатқызылған. Соңғы жылдары Сауд Арабиясы королі омыртқасына бірнеше рет операция жасатты. Дәстүр бойынша енді оның інісі — 79 жастағы Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд Сауд Арабиясының жетінші королі болады. Жаңа монарх тақ мұрагері ретінде корольдіктің министрлер кеңесі басшысының орынбасары қызметін атқаратын Мукрин ханзаданы атады. Ол – қайтыс болған Абдалла корольдің өгей бауыры. Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд таққа 2005 жылдың 1 тамызында отырды. Ол қазіргі замандағы ең егде ел билеушілердің бірі болды. Forbes журналы 2013 жылы оның дәулетін 18 миллиард доллар деп бағалады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support