Сауд Арабиясы королі қайтыс болды
Сауд Арабиясы королі қайтыс болды
23 қаңтарға қараған түні Сауд Арабиясының алтыншы королі Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд қайтыс болды.
Монарх ауруханада 91-ге қараған шағында қайтыс болды. Бірнеше апта бұрын Абдалла өкпесінің қабынуына байланысты Эр-Рияд ауруханаларының біріне жатқызылған. Соңғы жылдары Сауд Арабиясы королі омыртқасына бірнеше рет операция жасатты. Дәстүр бойынша енді оның інісі - 79 жастағы Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд Сауд Арабиясының жетінші королі болады. Жаңа монарх тақ мұрагері ретінде корольдіктің министрлер кеңесі басшысының орынбасары қызметін атқаратын Мукрин ханзаданы атады. Ол – қайтыс болған Абдалла корольдің өгей бауыры. Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд таққа 2005 жылдың 1 тамызында отырды. Ол қазіргі замандағы ең егде ел билеушілердің бірі болды. Forbes журналы 2013 жылы оның дәулетін 18 миллиард доллар деп бағалады.