Денсаулық

Антына адал абзал жандар

Тұрғындар саны жоғары аудандардың бірі – Шу. Мұндағы орталық ауруханасындағы ақ халатты абзал жандар тұрғындардың денсаулығын жақсартуға тұрақты қызмет етеді. Жалпы, аудан аумағындағы аурухана, емхана, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункттерде 800 адам еңбек етеді.

Бізге аудандық орталық аурухана жұмысын бас дәрігердің орынбасары Нұрбол Жолдасов таныстырды.

Реаниматолог дәрігер Нұрболдың еңбек өтілі 21 жыл. Осы уақытқа дейін Шу қалалық емханасында бас дәрігер болыпты. Оның айтуынша, аудандық аурухана 150 төсекпен қамтылған. Оның 112-сі тәуліктік болса, 38-і күндізгі стационарлық орын. Аудан бойынша 74 дәрігер, 344 орта буынды медициналық мамандар еңбек етеді. Сонымен қатар, денсаулық саласында еңбек ететін кіші буын қызметкерлердің де жұмысы жеңіл емес.

Аудандық аурухананың барлық бөлімдері заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған. Ем алушыларға тәулігіне үш мезгіл тамақ беріледі. Өзінің мамандығына шын берілген бас дәрігердің орынбасары Нұрбол Ошанбайұлы:

 

Есет ДОСАЛЫ