Көпбалалы аналарға құрмет
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсімі өтті.
Басқосуда сөз алған шаһар басшысы алтын құрсақты аналарға ақ тілегін арнады.
Өз кезегінде марапат иелері де қала басшылығына алғыс білдірді.
Жалпы, Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында 2 753 ана «Алтын», 2 516 ана «Күміс» алқаға ие болған.
«Aq jol»-аqparat.