Мәдениет

Мәдени жетістіктерге толы аудан

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Мәдениет – асыл қазынам» атты мәдениет күнінде Байзақ ауданы, Кеңес ауылында 90 орындық ауылдық клуб ел игілігіне берілді. Бұл ғимарат «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен республикалық қазынадан бөлінген қаражат есебінен салынған. Мәдениет ошағының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, сөз сөйледі.