Әдебиет

Шығармашылықта шекара болмайды

«Барлық адам қайраткер бола алады, бірақ өнер адамы бола алмайды», – дейді Фридрих Ницше. Шынында да, өнер деген жолы болғыш пенденің басына қонатын бақ. Жер бетіндегі күллі адам талантты, дегенмен араларынан жүзден жүйрік озып, дараланып тұратын айрықша жандар болады. Оларға тіпті денсаулықтарындағы ақау да кедергі бола алмайды.

Людвиг ван Бетховен – классикалық музыка әлемінен ойып тұрып орын алатын белгілі композитор. Өзінің есту қабілетінің төмендігіне қарамастан шығармашылық жолында көптеген жетістіктерге жетті. Бетховен 20 жасында қатты сырқаттанып, 45 жасында мүлде естімей қалды. Бірақ ол музыка жазуды тоқтатпады. Керісінше, ноталарды ойша елестетіп терең сезіне білді.

Бенджамин Бриттен барлық әндерін халық мәдениеті мен поэзияға арнады. Жазу стилінің әдістері ешкімге ұқсамайтын еді. Өйткені, әуендерінің басым көпшілігі әлеуметтік, саяси мәселелерді қамтыды. Өмірінің соңғы кезеңінде есту қабілеті нашарласа да шығармашылығына кері әсер етпеді.

Эрнест фон Дохнаний – венгрия композиторы, пианист. Денсаулығындағы кемшілікке мән берместен ноталарды қағазға түсіруден бірде-бір рет жалыққан емес. Дохнаний музыкадағы әртүрлі композицияларды зерттеді. Онымен қоса өнер мектебінде сабақ беріп, жас дарындарды дайындады.

Игорь Стравинский – ХХ ғасырдың көрнекті өкілі. Оның жетістіктерін замандастары өте жоғары бағалады. Тек дыбыстарды ести алмауы ғана ол үшін кедергіге айналды. Композитор сан алуан әндер жанрларын біріктіріп, ритмдік жаңашылдықтың, неоклассиканың өрістеуіне зор ықпал етті.

Неміс композиторы, дирижер Шмидт-Иссерштедт Хан с 15 жасында кереңдік ауруына шалдықты. Дегенмен, күйзеліске түсуді таңдамай, басын тік көтеріп, білімін жалғастыра берді. Сондай-ақ, хор шығармаларын, симфонияларды да қалысқалдырмады. Оның шығармашылығы мелодиялық және гармондық үйлесімділікке өте бай.