Хабарландыру

Хабарландыру

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №7 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы бақылау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға конкурс жариялайды.

Пошталық индексі 080010, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Рафинадная көшесі, №13 үй, тел: 8/7262/ 466284.

Негізгі қызметі:

бекітілген халыққа Тараз қаласы бойынша халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды орындау, консультациялық, емдеу-диагностикалық, амбулаториялық-емханалық және стационарлық- алмастыратын медициналық көмек көрсету.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

2.Бақылау кеңесінің мүшесі болып келесі тұлға сайлана алмайды:

1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2 ) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам уақыт ішінде заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

4) бақылау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы тұлға.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті құжаттар осы хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс:

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 331-бөлме, тел: 8/7262/43-76-19.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау о сы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1 ) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) ұсына алады.

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 331-бөлмеде жүзеге асырылады.

Конкурстық өтінімі бар конверт «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығының талаптарына сәйкес және сондай-ақ бақылау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату ережелеріне сәйкес рәсімделуі тиіс.